Заңсыз жұмыс істеген 20-дан астам кеншінің мәйіті табылды

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Алдын ала болжам бойынша олар заңсыз жұмыс істеген

Фото: ашық дереккөзден

Йоханнесбург муниципалитетінің Крюгерсдорп қаласындағы бірнеше шахтадан заңсыз жұмыс істеген 21 кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған.

«Қаза тапқан кеншілердің саны 21 адамға жетті. Алдын ала болжам бойынша олар заңсыз жұмыс істеген. Құтқарушылар тағы екі адамның мәйітін бейсенбі күні тапқан», - дейді полицияның ресми өкілі Бренда Муридили.

Айта кетейік, бұған дейін полиция Крюгерсдорп қаласындағы бірнеше шахтадан 19 адамның денесін тапқан болатын.