Маңғыстауда 12 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыскер жалған құжаттармен өмір сүрген

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстаулық полицейлер 12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні Алматыда ұстаған.

Тәртіп сақшылары оны қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады.

«Батыс Қазақстан облысының тумасы, 54 жастағы әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болған», - делінген хабарламада.

Қылмыскер осы уақытқа дейін Алматыда жалған құжатпен өмір сүріп жүрген.