$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2022, 16:58
Оқиғалар

Атырауда бұрынғы полицей 18 млн айыппұл арқалады

Ол шетелдікті пара беруге итермелеген

Атырауда бұрынғы полицей 18 млн айыппұл арқалады
Фото: tengrinews.kz

Атырауда экс-полицей 18 млн айыппұл арқалады. Бұрынғы патрульдік полицияға қатысты істі №2 қалалық сот қарады. Оған пара алуға және алаяқтыққа шақырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой Город» порталына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, тәртіп сақшысы Өзбекстан азаматтарының құжаттарын көші-қон қызметі департаментінен алып беруге уәде еткен, басшылыққа 600 мың теңге сыйақы беруге келіскен. Алайда ол ақшаны өзі алған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, куәгерлермен және бейне жазбалармен дәлелденді.

Сот экс-полицейді кінәлі деп тауып, параның 30 еселенген мөлшері – 18 000 000 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, сотталушыға өмір бойына мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынады. Ол аға лейтенант арнайы шенінен де айырылды.

Серіктес жаңалықтары