Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 7 млн теңгеден астам сомаға алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цехтың қызметін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және т. б. анықталып, тәркіленді», - делінген комитет хабарламасында.
Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.