Аталған дерекке қатысты іс қозғалды
Алматыда көшеде қарумен жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында белгісіз ер адамдардың қарумен жүргені туралы видео шықты.
«Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен 1997 жылы туған азамат ұсталды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Бірқатар тергеу әрекеттерінен кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Алматы полициясы.