$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2022, 09:38
Оқиғалар

Сарыағашта жас жігіт банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің Алаяқтық бабы бойынша тіркелді

Сарыағашта жас жігіт банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген

Сарыағашта банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға банктердің бірінен қатынас хат келіп түскен. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз біреу банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысып, банкке 12,5 млн теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Банкке ірі көлемде шығын келтірген күдіктіні ұстап, қылмысты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылды. Олар тиісті іздестіру шараларын жүргізіп, куәлардан жауап алды. Жан-жақты атқарылған жұмыс нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жас жігіт полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті кәсіпкер ретінде тіркеліп, банк қосымша арқылы өзі сатушы, өзі сатып алушы болып, бірнеше рет сату-сатып алу операцияларын жасаған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары