Үндістанда көпір құлап, 130-дан астам адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: indiatoday.in

Үндістанның Гуджарат штатында көпір опырылып, соның салдарынан 130-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

NDTV арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиғадан сондай-ақ 70 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Кем дегенде 100 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Морбидегі Мачху бөгетіндегі көпір соңғы екі жыл бойы жабылып, 26 қазанда қайта жөндеуден кейін қайта ашылған болатын. Телеарна мәліметінше, 140 жылдық тарихы бар көпірді жеке компания жөндеп, жарамдылық сертификатынсыз ашқан.

Оқиға орнына премьер-министр Нарендра Моди келді. Ол қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге уәде берді.

Айта кетсек, 30 қазанда кешкі уақытта Үндістанда 500-ге жуық адам тұрған жаяу жүргіншілер көпірі құлап, олардың көпшілігі суға батып кеткен.