Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Жексенбі, 169 ақпан күні Астанада екі қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті.
Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жатақхананың өртеніп жатқаны туралы қоңырау сағат 21:37-де түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 20 бөлмелі ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Қызыл жалын сағат 22:44-де толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД 26 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.», - делінген Комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.