Қазақстанда балалардың ұрлық жасауы көбейген

Автор: Azattyq Rýhy

Кәмелетке толмаған құқық бұзушының басым бөлігі Алматы облысында тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда мыңнан астам кәмелетке толмаған бала қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,1 пайызға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ranking.kz-ке сілтеме жасап.

539 қылмыскер – оқушы, 510 бала жұмыс істемеген де және оқымаған. 336 жасөспірім топтық құқық бұзушылық жасаған (оның 158-і ересектердің қатысуымен). 71 жасөспірім бұған дейін де құқық бұзған.

Кәмелетке толмағандар қандай құқық бұзушылық жасады?

- 468 адам – ұрлық,

- 120 адам – тонау,

- 79 адам – бұзақылық,

- 58 адам – алаяқтық,

-47 адам – автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың көпшілігі:

- Алматы облысында – 118 адам (жылына +32,6%),

- Жамбыл облысында – 97 адам (жылына +70,2%),

- Түркістан облысында – 92 адам (жылына +24%).

Ең азы – Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелген.