Сәтбаев қаласында көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан көліктің видеосы пайда болды

Видеодан кадр

Сәтбаев қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан көліктің видеосы пайда болды.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қазанда Жезқазған – Есіл – Петропавл тасжолында Сәтбаевтан Жезқазған қаласына шыға берісте болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Мерседес» көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.