Жәбірленуші Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды
Ақтөбеде 17 жастағы жасөспірім қала тұрғынын пышақпен жарақаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ІІМ хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 17.30 шамасында 17 жастағы жасөспірім "Keruen City" ОСО-ның екінші қабатында 19 жастағы жігіттің мойнына пышақпен екі соққы жасаған.
Осы факті бойынша ҚК-нің 24-99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.