Ақтөбеде автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды
Бүгін таңертең Ақтөбеде автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 26 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ғ.Жұбанов пен Ө.Сейітов көшелерінің қиылысында такси қызметіне тиесілі «Volkswagen Polo» көлігі мен №37 автобус соқтығысып, жол-көлік апатынан автобус аударылып қалған.
Фото: polisia.kz
Автобустың 26 жолаушысы (19 әйел мен 7 ер адам) жедел жәрдем ауруханаларына жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына байланысты тергеуді бастады. Департамент өкілдері жүргізушілерді көктайғақ кезінде жолда аса сақ болуға шақырады.