Қайғылы оқиға 21 қазанда Жақсымай ауылының маңында болған
Ақтөбе облысында велосипедшіні көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 қазанда сағат 00:35-те болған.
«Ақтөбе-Астрахань жолының 175-шақырымында Жақсымай ауылының маңында Lada 210740 көлігінің 27 жастағы жүргізушісі 50 жастағы велосипедшіні қағып кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.