Павлодар облысында жасөспірімді соққыға жыққан ер адам қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Павлодар облысының Полиция департаменті тексеру жүргізіп, оқиғаны растады

Павлодар облысында жасөспірімді ұрып-соққан ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұсталған ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі – Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Тереңкөл аудандық соты.

Тақырыпқа орай: Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, аяусыз соққыға жыққан

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның жасөспірімді ұрып-соғып, оған балағат сөздер айтқан видеосы пайда болған еді.

Павлодар облысының Полиция департаменті тексеру жүргізіп, оқиғаны растады. Сот-медициналық сараптама 2010 жылы туған баланың «денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге сәйкес дене жарақаттары» барын анықтады.