Қайғылы оқиға 20 қазанда Құлсары қаласында болған
Атырау облысында жасөспірім көліктің астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 қазанда сағат 7.45-те Құлсары қаласында болған.
«Toyota Prado автокөлігінің 73 жастағы жүргізушісі 11 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Видео: https://t.me/POLICE_of_KZ