$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2022, 11:53
Оқиғалар

Шығыс Қазақстан облысында бір түнде 450 тонна шөп жанып кетті

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында бір түнде 450 тонна шөп жанып кетті

Шығыс Қазақстан облысында бір түнде 450 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 18 қазанда Өскемен іргесіндегі Ново-Явленка ауылында болған. Шаруа қожалығының аумағында орамдалып сақталған шөп түгелдей өртеніп кеткен. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт қаупі туындайтын кезең басталғалы бері облыста 1 мың тоннадан астам шөп жанып кетті. Шөп өртінің негізгі себептері отқа абайсыз қараудан, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан туындап жатады. Шөпке өрт тиген сәтте бірден өртеніп кетеді. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің және ШҚО ауылшаруашылық кәсіпорындары басшыларының және қызметкерлерінің жүргізген қауіпсіздік шараларына қарамастан, саяжай тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін көптеп бұзып жатыр. Мысалы, қатаң тыйым салынғанына қарамастан, электр желілеріне тиіп тұрған сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырында шөп үйінділері сақталады. Шөп маңында азаматтардың абайсызда от жағуы да өртке әкеп соғады», - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Серік Амангелдин.

Құтқарушылар шөп өртін сөндіру аса қиын екенін атап өтті. Егер шөп өртенсе, өрттің таралуына жол бермес үшін шұғыл шаралар қабылдап үлгеру қажет.

Өрттің оның одан әрі таралуына жол бермес үшін ТЖД негізгі ережелерді сақтауға шақырады:

- саяжай учаскелерінде, тұрғын үйлердің аумақтарында шөп үйіндісі ғимараттар мен шаруашылық құрылыстарынан кемінде 15 метр қашықтықта орналасуы керек. Шөп үйіндісінің ауданы 150 шаршы метрден, ал басылған шөп үйіндісі 500 шаршы метрден аспауы керек;

- жеке үйінділер мен қораның үй-жай арасындағы өртке қарсы қашықтығы кемінде 20 метр болуы керек.

Серіктес жаңалықтары