Атырауда 7 жыл құжатсыз жүрген шетел азаматы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта оған қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды

Атыраулық полицейлер жеті жыл құжатсыз жүрген шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 1 қазан мен 1 қараша күндері аралығында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара кезінде тәртіп сақшылары 2015 жылдан бері құжатсыз жүрген 53 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

53 жастағы шетел азаматы Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Қазіргі уақытта шетел азаматына қатысты көші-қон полициясы қызметкерлері тиісті іс-құжаттар жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.