Абай облысында бір отбасы ыстан уланды

Автор: Azattyq Rýhy

Көміртегі тотығымен улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болған

Фото: ашық дереккөзден

Абай облысы Бородулиха ауданында бір әйел бес баласымен бірге көміртегі иісіне уланып аудандық аурухаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 16 қазанында сағат 23:40-та Бородулиха ауданының орталық ауруханасына көміртегі тотығымен орташа дәрежелі улануы диагнозымен бүтін бір отбасы түсті деген ақпарат келді.

5 баланың және аналарының жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында болды. Таңертең үйлеріне жіберілді.

Көміртегі тотығымен улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болды.