Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы М.Жүсіп көшесіндегі 22-ші үйдің жанында болды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазанда сағат 23:40-та Toyota Camry 70 маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жол бөлігін белгіленбеген жерде кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

«Оқиға салдарынан жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады департаментте. 

Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Аталған фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде.