Алматыда екі күдікті уақытша ұстау изоляторының аумағынан қашып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары қашқындардың қолға түскенін мәлімдеді

Алматыда екі күдікті уақытша ұстау изоляторының аумағынан қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қашқындардың қолға түскенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы уақытша ұстау изоляторының аумағынан қашып кеткендерді іздеуге бағытталған ақпарат тараған. Жазба авторлары Құлжа трактіндегі көліктердің тексеріліп жатқанын айтқан.  

Қалалық полиция бөлімі аталғанын деректі растап, қашқындардың арнайы операция кезінде бірден ұсталғанын хабарлады.

«Екі айыпталушы да бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен бұрын ұсталған болатын», - делінген ведомство хабарламасында.