14.10.2022, 12:41
Оқиғалар
Заңгер Айман Асанованы күйеуі өлтірген болуы мүмкін
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, арнайы тергеу-жедел тобы құрылды
Фото: ашық дереккөзден
12 қазан күні Алматыдағы ауруханалардың бірінде адвокат Айман Асанова қайтыс болды. Адвокат Гүлнар Жуаспаева Facebook желісінде келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқанын жазған болатын. Алматы қалалық Полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұм әйелдің бұрынғы жолдасы- 1974 жылы туған Н. есімді азаматтың іздестіріліп жатқанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Бұрын хабарланғандай, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында",-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды