14.10.2022, 10:48
Оқиғалар
Қостанайда нарықта жалған 100 долларлық купюраларды айналдырып келгендер ұсталды
Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталған.
"Олардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды. Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты.
Заң бұзушылар ұсталды, тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды",-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды