14.10.2022, 11:57
Оқиғалар
Батыс Қазақстанда ер адам өз ұлын пышақтап өлтірді
Әкесі мен ұлының арасында келіспеушілік болған
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстанда ер адам өз ұлын өлтірді. Қайғылы оқиға 11 қазан күні Ақжайық ауданында болған, деп хабарлады Azattyq Ruhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.
65 жастағы ер адам мен оның 42 жастағы ұлының арасында жанжал туындап, ер адам баласын басы мен мойнынан пышақтаған. Алған жарақатынан ұлы сол жерде көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды