Абай облысында көлік аударылып, үш адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды

Қайнар-Семей автожолында жол талғамайтын көлік аударылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылғы 8 қазан күні Қайнар-Семей тас жолынан 95/189 шақырымында 43 жастағы “TOYOTA LAND Cruiser 200” көлік құралының жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген.

ЖКО салдарынан ауруханаға 3 жолаушы жеткізілді, олардың біреуі кәмелет жасына толмаған бала.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады.