$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2022, 23:22
Оқиғалар

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтап тастады

ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауға алынды

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтап тастады
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысындағы Аққайтым орта мектебінің директоры өз отбасын ойрандады. Тұрмыстық жанжал кезінде әйелі мен сегіз жастағы қызына бірнеше жерден пышақ салған. Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оны полиция анықтамақ. Күдікті сол күні қамауға алынған. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақтөбе облыстық Шалқар аудандық ПБ ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 37 жастағы күдікті анықталып, ол қамауға алынды», - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қзыметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Отбасында екі қыз бала бар. Үлкені 8, кішісі 1 жарым жаста.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, күдікті Жаңақоныс ауылындағы мектепке сәуір айында директор болып тағайындалып, артынша көшіп келген. Бұған дейін Шалқар аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет істеген.

«2022 жылдың сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. Осы жылдың қазан айының 6-нан бастап қызметінен босатылды», - дейді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Серіктес жаңалықтары