10.10.2022, 18:04
Оқиғалар
Шымкентте 11 жасар қыз белгісіз жағдайда көз жұмды
Оқиға Еңбекші ауданының Маятас елдімекенінде болған
Шымкентте үйіндегі жуынатын бөлмеден жеткіншектің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 10 қазанда сағат 06:30-да жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Еңбекші ауданының Маятас елдімекенінде Жалын көшесіндегі жеке тұрғын үйде болыпты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жуынатын бөлмеде туыстары 2011 жылы туған жасөспірімнің мәйітін тапқан.
«Өлімнің себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды»,-деді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.
ТЖД қыздың газға уланып қайтыс болуы мүмкін деген ақпаратты растамады.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды