$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2022, 12:31
Оқиғалар

Түркістан облысының тұрғыны алаяққа алданып, 20 млн теңгесінен айырылған

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысының тұрғыны алаяққа алданып, 20 млн теңгесінен айырылған
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері үш бөлмелі үй алып беремін деп тұрғынның 20 миллион теңгесін қалтасына басқан әйелді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысының жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін деп 20 млн теңге ақшасын алып, қайтармай қойғанын айтқан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды.

«Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті тұрғын әйел болып шықты. Тексеру кезінде күдікті 9 ай өтсе де берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушіден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары