Жетісу облысында есекке соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді

  

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жетісу облысында жол үстіне шығып кеткен есектің кесірінен қайғылы жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 6 қазан күні кешке Батыс Қытай-Батыс Еуропа тасжолының 275-шақырымында болған.

«Audi A-4 көлігі жолға шығып кеткен есекке соғылып, соның салдарынан 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді», - ЖПҚБ ППБ қызметінің инспекторы Бауыржан Бейсебаев.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі әлі анықталған жоқ.