Бүтін бір отбасы газға уланып қалған
Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы газға уланып қайтыс болды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1970 жылғы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған. Бәрі көз жұмды. Бұл уақытта марқұмның әйелі – балалардың анасы үйде болмаған. Ол түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда туғандарының денесін тапқан.
Анықталғандай, ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып қойған.