Семейде 51 жастағы ер адам жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 29 қыркүйекте үйінен белгісіз бағытқа шығып, содан оралмаған

Семейде 51 жастағы Ерболат Төлеубаев іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

AMP

Юность ықшам ауданында тұратын ер адам 29 қыркүйекте үйден белгісіз бағытта шығып, оралмаған. Ол соңғы рет сол күні сағат 17:18-де №37 гимназия ауданында көрінді.

Белгілері: бойы – 177-180 см, денелі, шашы қара, көздері қоңыр.

Басына қара қалпақ, үстінде көк көйлек, иығында қара куртка және қара шалбар киген.

Lider.kz еріктілері қандай да бір ақпарат болса келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-747-349-57-17, 8-771-349-51-17 немесе 102.