04.10.2022, 17:51
Оқиғалар
Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды
Күдіктінің өзі де бұрын педагог болып жұмыс істеген екен
Фото: ашық дереккөзден
«Ақшасын төлесең, тестілеуден өткізіп беремін». Павлодарда дәл осылай жүздеген адамды сан соқтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол сыйақы үшін мұғалімдерді ұлттық біліктілік тестілеуінен өткізуге уәде берген. Өзі де бұрын педагог болып жұмыс істеген екен. Күдікті Telegram арнасындағы чаттар мен сайттарға жарнама орналастыру арқылы клиент тауып, өз «қызметін» 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін бағалаған.
Бүгінгі күні полицияға 108 адам арызданды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы азамат ұсталды. Ол кінәсін мойындап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды