«Тонау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Қостанай қаласының полициясына екі шетел азаматы өтініш білдірген. Жастар қарақшылардың құрбаны болғанын айтты. Екі белгісіз адам оларға шабуыл жасап, 80 мың теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Полицейлер жәбірленушілердің қала орталығындағы сауда үйінің бірінде екенін анықтады. Ер адамдар дүкеннен шамамен кешкі сағат онда шыққан. Оларға екі жігіт келіп, қорқытып, ақша талап ете бастайды. Полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар 21 және 18 жастағы Қостанай тұрғындары болып шықты», - делінген хабарлмада.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.