Ақтөбеде 3,5 млн теңгесін алаяқтарға аударып берген әйел алданып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: ашық дереккөзден

қтөбелік әйел алаяққа 3,5 млн теңгесін беріп қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"39 жастағы ақтөбелік әйелдің ұялы телефонына бөтен адам қоңырау шалып, өзін “NBK Invest” қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстырып, инвестициядан ақша табуды ұсынған. Жәбірленуші әйел телефондағы қосымша арқылы қаскүнемдер көрсеткен шотқа 3,5 млн теңге ақша салған", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарға мұнай өндіруші компаниялар немесе мемлекеттік цифрлық платформа сияқты ірі жобаларға ақша қаражатын инвестициялау туралы ұсыныстармен интернет желісінде жалған ақпарат таралуының жиілеп кеткенін ескертеді.

Жәбірленушіге ыңғайлы болу үшін телефонға арнайы қосымшаны орнатуды ұсынатын маман онлайн режимінде қоңырау шалады немесе жазады. Осыдан кейін әр түрлі сылтаулармен алаяқтар қаражатқа қол жеткізген соң байланысқа шығуын тоқтатады.