Пара алды деп айыпталғандар жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді
28 қыркүйекте БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Орал қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Арман Үксікбаев пен оның сыбайласы Александр Нағметовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сот Орал қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Арман Үксікбаевты 11 жылға, оның сыбайласы Александр Нағметовты сот 8 жылға бас бостандығынан айырды. Екі айыпталушы да жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Үкім жарияланған кезде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залы сотталушылардың туыстары мен жақындарына лық толды.
Өскікбаев Арман Серікұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына бас бостандығынан айырумен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Александр Иванович Нагметов ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 28-бабының 5-бөлігімен, 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деп үкімді сот Асланбек Дүйсенғалиев оқыды.
Үкім жарияланғаннан кейін Арман Үксікбаев үкіммен келіспейтінін айтты.
"Құрметті сот мырза, мен келіспеймін. Негізі, мен жасамаған ісім үшін сотталдым", - деді Арман Үксікбаев.
Судья Асланбек Дүйсенғалиевтің айтуынша, сотталушылар үкім көшірмесін алған күннен бастап өз шешіміне шағымдануға құқылы.
Сонымен қатар сот жәбірленуші кәсіпкер Нұрғалиевтің Александр Нағметов арқылы Арман Үксікбаевқа пара ретінде берген 130 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеу туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Сот талап арызыңызды қанағаттандырудан бас тартты, егер сіз пара сомасын аударар алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген болсаңыз, онда бұл пара сомасы қайтарылатын еді, - деп түсіндірді судья Дүйсенғалиев жәбірленуші Нұрғалиевке.
Сотталғандардың туыстарының айтуынша, олар үкімге шағымданбақ.
Арман Үксікбаев пен Александр Нағметов 2021 жылдың 11 қазанында ұсталған. Одан кейін оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде пара алу" бойынша айып тағылды.