Қажетті сараптамаларды өткізгеннен кейін өңірдің табиғатына келтірілген шығын көлемі белгілі болады
Солтүстік Қазақстан облысында бағалы шаянды заңсыз аулағандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бағалы табиғи ресурс - Artemia salina шаяндарын заңсыз аулаудың жолын кесті. «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатқан мобильдік топ Сенжарка ауылы маңындағы тұзды көлге жақын жерде тексеріс жүргізу үшін «Audi», «Lexus» және «ГАЗель» автокөліктерін тоқтатқан.
«ГАЗель» көлігінде құрамында Artemia salina шаяндарының цисталары бар болу мүмкін құм тиелген 40 қап анықталды, жол талғамайтын көліктен тағы 10 қап алынды. Заңсыз Artemia salina аулады деген күдікпен облыс орталығының және СҚО аудандарының 9 тұрғыны ұсталды. Шаян өндіруге құқық беретін құжаттары болмаған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша Тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Автокөліктері арнайы тұраққа қойылды.
«Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамаларды өткізгеннен кейін өңірдің табиғатына келтірілген шығын көлемі белгілі болады.
Қажетті сараптамаларды өткізгеннен кейін өңірдің табиғатына келтірілген шығын көлемі белгілі болады.
Artemia salina шаяндары фармацевтика және косметология саласына қажетті зат және «қара нарықта» сұранысқа ие. Әдетте, шығын көлемі миллиондаған теңгегені құрайды. Биылғы жылғы бағалы шаяндарды заңсыз аулаудың алғашқы жағдайы. Өңірдің биоалуантүрлілігін қорғауға бағытталған іс-шаралар полиция қызметкерлерімен ұдайы негізде жүргізіледі», - деп хабарлайды Жамбыл ауданының ПБ бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов.