28.09.2022, 09:23
Оқиғалар
Қарағандыда автобус жүргізушісі мен кондукторы көшеде дәрет сындырған
Тұрғындар мұндай жайттың жиі болатынын айтып шағымданып отыр
№53 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасында қоғамдық көлік жүргізушісі мен кондукторы жұрттың көзінше дәрет сындырған. Бұл туралы ekaraganda порталы жазды.
Жергілікті тұрғындар мұндай жайттың жиі болатынын айтып, жергілікті әкімдікке шағымданған. Әкімдік өкілдері болса дәл сол аялдаманың жанында дүкен бар екенін, дүкенде ақылы дәретхана жұмыс істейтінін айтады. Алайда, жүргізушілер мен кондукторлар онда бармай, ісін жол бойында тындыруды жөн санайды екен.
Тұрғындар тарапынан шағым көбейгендіктен әкімдік 2023 жылдан бастап аялдамалардың жанына қоғамдық дәретханалар салуды жоспарлап отыр. Ал, жұрт көзінше дәрет сындырған автобус жүргізушілерінің ісін автопарк басшылары қарайды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды