Аталған жайтқа қатысты сараптамалар тағайындалды
Петропавл қаласында жылу желісі камерасынан адам мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«20 қыркүйекте Петропавлда Амангелді және Брусиловский көшелерінің қиылысына жақын жердегі жылу желісінің жылу камерасынан «Петропавл жылу желілері» ЖШС бригадасының жұмысшылары зорлық-зомбылық белгісі жоқ, қаңқаға айналып кеткен адам мәйітін тапты», - делінген Polisia.kz Telegram-арнасында.
Адам өлімі дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, сараптамалар тағайындалды.