Қарағандыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Көршілері оның тез өршитін онкологиялық дертке шалдыққанын айтқан

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні сағат 11:30-да болған.

«58 жастағы ер адам бесінші қабатта тұратын пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Жедел жәрдем жеткенімен, ол оқиға орнында көз жұмды», - деп жазды «Патриот» Telegram-арнасы.

Ер адамның көршілері оның тез өршитін онкологиялық дертке шалдыққанын айтқан.

Аталған жерекке қатысты Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

«Жергілікті тұрғынның өлімі дерегі тіркелді, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», - делінген ПД хабарламасында.