Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды
Марқұмның қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды
Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-ға Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ПБ СДТБТ-де тіркелді.
Марқұмның қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
«Қазіргі уақытта жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда», – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.