Алаяқтар қазақстандықтарға жыл сайын 10 млрд теңге шығын келтіріп жатыр – ІІМ

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай қылмыстардың саны көбеймесе, азаяр емес

Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында интернет-алаяқтыққа қарсы шұғыл шараларды талап ететін сала екенін атап өтті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ІІМ басшысы шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін тағы бір сала – бұл интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл екенін атап өтті. Жыл сайын алаяқтар азаматтарға 10 млрд теңге көлемінде залал келтіреді. Мұндай қылмыстардың саны тұрақты түрде көбейіп келеді.

«Мысалы, егер 2018 жылы осындай 4 мың қылмыс тіркелген болса, биылғы жылдың басынан бері 15 мың қылмыс тіркелген. Интернеттегі алаяқтықтың схемалары іс жүзінде ұқсас. Алаяқтарды өздерін банктердің не құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде ұсынады. Абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша сервистерді пайдаланады. Азаматтарды несиені ресімдеуге немесе ақшаны “қауіпсіз” шотқа аударуға көндіреді. Содан кейін ұрланған ақша халықаралық аударым қызметтері арқылы алынады, криптовалютаға аударылады немесе шекараның ар жағында қолма-қол ақшаға айналады», - деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, полиция ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ осы схемаларын ұйымдастырушыларды анықтайды. Олардың барлығы әлеуметтік желілердегі хабарландырулар арқылы қылмыстық әрекетке қатысады.

«Сонымен қатар, негізгі ұйымдастырушылар, әдетте, шетелде және процесті онлайн режимінде “басқарады”. Мұндай қылмыстық топтар елордада, Алматыда, Павлодарда, Таразда және басқа аймақтарда анықталды. Қыркүйек айының басында Астанада және Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардың әрекетінен еліміздің түрлі қаласында тұратын 70-тен астам азамат зардап шекті. Жәбірленушілер өтініш беруді жалғастыруда. Оларға 200 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Бүгінде 60 дроппер анықталды», - деп атап өтті ведомство өкілі.

Ол сондай-ақ басқа елдердегі әріптестерімен бірге олардың серіктестерін шетелде ұстау шаралары қабылданып жатқанын жеткізді.

«Бүгінде интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударылады. ІІМ бастамасы бойынша байланыс операторлары бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады. Ол алаяқтар белсенді қолданатын ауыстыру нөмірлерін бұғаттайды. Цифрландыру министрлігімен бірлесіп бұл үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу бойынша шаралар әзірленуде. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау деңгейі артуда», - деді ол.

Айта кетерлігі, жақында Алматы академиясында арнайы киберлаборатория ашылды. Онда қызметкерлер киберқылмыстарды ашудың жаңа әдістерін үйренеді.