Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбе облысында жол апатынан Ресей азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қыркүйекте сағат 01:50 шамасында Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы Аралтоғай ауылы маңындағы Самара – Шымкент автожолының 999 км жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан РФ азаматы, 34 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 39 жастағы екінші жолаушы Әйтеке би ауданының ОАА хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.