Өрттің аумағы 5 га жерді құрады
Көкжайлау шатқалындағы өрт 13:05-те сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 56 адам, 13 бірлік техника, ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы, "Қазавиаалесохран" АҚ 6 адам, 55 мемлекеттік инспектор, Іле-Алатау МҰТП қызметтік ат патрулі жұмылдырылды. Өрттің аумағы 5 га жерді құрайды»,-деп мәлімдеді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.