Дене жарақатын алған әйел ауруханаға жеткізілді
Семейде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция басқармасының хабарлауынша, оқиға 21 қыркүйек күні сағат 07:50 шамасында Шәкәрім даңғылы бойында болды.
“Маршруттық автобустың 64 жастағы жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде оңға бұрылған кезде 53 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде дене жарақатын алған әйел ауруханаға жеткізілді”, — деп түсіндірді полицияда.
Аталған факті бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.