Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Батыс Қазақстан облысында қоқыс үйіндісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қыркүйекте сағат 19:05-те Круглоозерное ауылы маңынан 30-35 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
«Ауыл шетіндегі қоқыс алаңынан зорлық-зомбылық іздері бар адам денесі табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында аталған аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қазталов ауданында 1999 жылы туған азамат А. анықталып, ұсталды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.