$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2020, 22:56
Оқиғалар

Минскіде коронавирустан қорыққан такси жүргізушісі қазақ жігітін алмай кеткен

Ол оны қытайлық азамат деп ойлап қалған

Минскіде коронавирустан қорыққан такси жүргізушісі қазақ жігітін алмай кеткен

Минскіде такси қызметінің жүргізушісі қазақстандық жігітті қытайлық екен деп ойлап, көлігіне отырғызбай кетіп қалған. Жас жігіттен клиенттерге қолдау көрсету қызметі кешірім сұраған, ал жолаушыдан қорқып кеткен жүргізуші пікір білдіруден бас тартқан, депи хабарлайды Azattyq Rýhy onliner.by сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан атты қазақстандық жігіт тап болған оқиға 10 ақпан күні Минскіде болған. 

Жігіттің айтуынша, ол танымал сервистің қызметін пайдаланып, такси шақыртқан, алайда көлік құралына сол күйі отыра алмаған. Себебі, шақыртумен жеткен жүргізуші Нұрсұлтанды көріп, жылдам есігін жаба сала кетіп қалған.   

Ештеңе түсінбеген қазақстандық жігіт кетіп қалған жүргізушінің телефонына хабарласады.   

«Жүргізуші тұтқаны көтермей қойды, бірақ маған SMS арқылы жауап беріпті. Ол мені қытайлық деп ойлап қалған екен. Үш сом үшін өмірін қатерге тіккісі келмегенін айтыпты. Сірә, коронавирустан қорқып кетсе керек», – дейді Нұрсұлтан. 

Жігіттің өзі бұл оқиғаны күлкілі жағдай деп қабылдаса да, жағымсыз әсерде қалғанын мойындады. 

Ал келесі шақырған жүргізушімен мұндай түсінбестік болмаған екен. Ол керісінше, болған оқиғаны естіп, Нұрсұлтанмен бірге әбден күлген.   

Клиенттерге қолдау көрсету қызметі жүргізушінің қылығы үшін жас жігіттен кешірім сұрапты, ал жүргізушінің өзі пікір білдіруден бас тартқан.  

Серіктес жаңалықтары