«Шындыққа сәйкес келмейді»: Ақтауда жас жігітті азаптағандар туралы тараған ақпаратқа полиция пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпаратта күдіктілердің арасында 14 жастағы жасөспірім бар екені айтылған

Желіде Ақтауда жас жігітті асқан қатыгездікпен соққыға жыққан топ мүшелері туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты полицейлер түсініктеме білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақпаратта күдіктілердің арасында 14 жастағы жасөспірім бар екен, қалған үшеуі 18-19 жастағы жас жігіттер екені айтылған болатын.

ІІМ баспасөз қызметі ол ақпаратта көрсетілген фотосуреттегі жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

«Фотосуреттегі жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта Полиция департаменті бұл мәліметті таратушының жеке басын анықтау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатыр», - делінген ІІМ Тelegram-арнасындағы хабарламада.

Сонымен қатар бетін тұмшалап, екі азаматқа күш қолданған үш күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Тақырыпқа орай: «Есірткі тасымалдаған»: желіде бір топ жігіттің жас баланы азаптаған видеосы тарады

Қазіргі таңда тергеу жұмысы жүріп жатыр.