Қарағандыда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 15 қыркүйекте болған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 54 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 қыркүйекте болған.

Өрт тұрғын үй шатырының ағаш қаптамаларын, терезесі және есіктерін шарпып, артынша іргелес ғимаратқа тараған. Барлығы 120 шаршы метр аумақ өртеніп кеткен. Соның салдарынан 70 шаршы метр аумақтың төбесі опырылып ортасына түскен.

«Өрт орнынан үйдің 1968 жылы туған иесінің мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында. 

Айта кетерлігі, дәл осы күні Қарағанды ​​мен Теміртауда Lada Largus пен Nissan Almera көліктері өртенген. Оқыс оқиғадан құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан және автокөліктің газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуінен туындауы мүмкін.