Павлодар – Қызылорда тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған жайтқа қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар – Қызылорда тас жолында жаяу жүргінші көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  12 қыркүйек күні сағат 23:25-те Екібастұз қаласы Құлакөл ауылынан бес шақырым жерде Павлодар - Қызылорда автожолының 1268 шақырымында тіркемесі бар «Вольво» маркалы автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігінің оң жағымен ілеспе бағытта жаяу кетіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен. 

«Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді департаментте. 

 Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр.