Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бүгін, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған

Фото: ашық дереккөзден

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі мәлім еткендей, Тәжікстанның шекара отрядын анықтаған.

Ведомство оқиғаның бүгін, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болғанын мәлім етті. Қырғызстан шекарашылары көрші елдің әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген келісімдерді бұзған.

«Қырғыз тарапының аумақтан шығу туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданған. Атыс басталып, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша дүркін-дүркін атыс болып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Баткен шекара отрядының бастығы аттанды. Шекара қызметінің Баткен облыстық басқармасының бастығы полковник Қиялбек Төленбаев пен Тәжікстан Республикасы Шекара әскерлерінің Соғды облыстық басқармасының бастығы генерал-майор Х. Пиракзода арасында қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатында телефон арқылы сөйлесті. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр», - делінген ведомство хабарламасында.