Олар жуық арада Қазақстанға қайтарылады
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы қазақстандық 21 қызды сексуалды құлдықтан босатты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады», - делінген ведомство хабарламасында.